С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырлған Қазақстан Республикасы Журналистер одағының Павлодар облыстық филиалының аймақтық журналистерінің бастауыш ұйымының құрылуына араналған жиын өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы құрметті журналисті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Юрий Поминов, Аналитикалық ақпарат орталығының директоры Жұмабек Сманов, «Звезда Прииртышья» облыстық газетінің редакторы Владимир Долгушев және С.Торайғыров атындағы ПМУ Журналистика кафедрасының оқытушылары қатысты.

Жиын мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай аймақтағы журналистердің атқарған еңбектеріне баға беру, журналистика саласындағы мәселелерді талқылау.

Журналистердің бас қосуын ашқан Қазақстан Журналистер одағының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Юрий Поминов білікті журналист мамандарды даярлап әрі осы салада терең де өзекті ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген С.Торайғыров атындағы ПМУ Журналистика кафедрасының оқытушылары мен профессорларының еңбектерін жоғары бағалады. Ол өз сөзінде: «Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика кафедрасы мен ҚР Журналистер одағының Павлодар облыстық филиалы арасындағы серіктестік байланысы тереңде жатыр. Өйткені сіздер өңірімізде кәсіби білікті журналист мамандарын даярлаумен айналысып келесіздер. Сонымен қатар, Журналистер одағы тарапынан Сіздерді әрқашанда қолдауға әзірміз», - деді.

Жиын барысында Журналистика кафедрасының ғалымдары өздерінің көп жылғы еңбектерінің жемістері – монографилық еңбектері мен оқу-әдістемелік құралдары сынды тың жұмыстарымен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Журналистер одағының Павлодар облыстық филиалының аймақтық журналистерінің бастауыш ұйымының бүгінгі жұмысының алдындағы қарастырылған өзекті мәселелер өз шешімін тауып қана қоймай, болашақтағы жұмыстарына бағдар болғаны да анық.