2013 жылдың 11 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Білім беруді ақпараттандыру орталығы бес жылдығын атап өтті.

Ақпараттық технологиялар заманауи әлем өмірінің өзгеріп, жылдам дамуына қозғаушы күш болып келеді. Ақпараттық технологиялардың белсенді дамуынан кейін жоғары білім беру мен жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру жүйесіне ақпараттық технологиялардың араласпауы әсте, мүмкін емес.

2008 жылдың 15 қараша күнгі білім және ғылым саласын ақпараттандыру саласындағы атқарылатын жұмыстарды жүргізу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде білім беру үрдісін ақпараттандыру орталығы құрылды. Орталықтың бес жылғы өлшеусіз еңбегі ұжымдастары мен университетте білім алушылар тарапынан жоғары бағаланды. Бұл күні әріптестері мен білім алушылар орталық қызметкерлеріне жүрекжарды лебіздерін арнап, алғыстарын білдіріп жатты.

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев үшінші мыңжылдықтың тренді инновациялық және ақпараттық-коммуникативтік технологиялар еншісінде екеніне баса назар аударды. Ол өз сөзінде: «С.Торайғыров атындағы ПМУ оқу бағдарламаларын жүзеге асыру үшін заманауи техникалармен толық қамтылған. Оқу үрдісінде дистанциялық білім беру технологиясы белсенді қолданылуда. Бүгінде біз профессорлық-оқытушылар құрамының жан-жақты білім беруіне, университетімізде білім алып жүрген білімпаздарымыздың терең білім алуына барынша жағдай жасадық», - деді.

Орталық жоғары мектепте оқу үрдісінің толық қамтылуы үшін электрондық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етіп келеді. Электрондық білім беру ресурстарын дамыту мақсатында ПОҚ-пен бірлесе келесі жұмыстар атқарылуда: электрондық оқу баспалары, бейне дәрістер, білім алу ұтқырлығының қосымшасы.

Бүгінгі күні ПМУ-да университеттің корпоративтік жүйесінде 1024 Mbps өткізу жылдамдығымен, өз кезегінде оптоталшықты байланыс тізбегінде 6 км құрайтын, вито жұбында 16 км, Wi-Fi байланысына қолжетімді сымсыз 108 нүктесімен біріңғай ақпараттық жүйе жұмыс жасайды.

Барлық электрондық білім беру ресурстары ПМУ порталында, яғни, студент пен оқытушының жеке кабинетінде және университет медиатекасында орналасқан. Оқу үрдісінің әрбір қатысушысы өңделген электрондық оқу-әдістемелік материалдарды сабағына жарата алады.

Жалпы алғанда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқу үрдісін ақпараттандыру саясаты заманауи университет моделін қалыптастырудағы айқындаушы орынға ие.