2013 жылдың 10 желтоқсанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Elsevier: ScienceDirect Scopus» халықаралық компаниясының үздік ресурстарын енгізуі және олардың практикалық пайдалануы» атты семинар өтті.

Аталмыш семинар «Elsevier» компаниясының өкілі Индира Өсентаеваның қатысуымен өтті. Семинардың мақсаты – Қазақстан университеттерінің ғалымдары арасындағы «Elsevier» баспасының дерекқор пайдаланушыларының санын арттыру.

«Elsevier» баспасы – жыл сайын әлемде шығып жатқан ғылыми журналдардағы мақалалардың төрттен бір бөлігін шығаратын ең ірі баспалардың бірі.

Іс-шараны ашқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов өз сөзінде: «Ғылыми басылымдардың саны және сапасы Қазақстандық ғалым деңгейінің көрсеткіштерінің бірі. Елімізде халықаралық баспалардың дерекқорына жазылу себебінен отандық ғылымдарының шетелдік журналдарда шыққан мақалаларының саны өсуде» деп айтқан болатын.

Семинарда Scopus, ScienceDirect дереққорлары бойынша навигация, жаңа зат салаларын қарап шығудың техникалық ерекшеліктері, Хирши индексінің анықтауы сынды мәселелері қарастырылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.