Белорус ұлттық техникалық университетінің базасында (Минск, Белоруссия) Қазақстан Республикасы мен Беларус Республикасы ҒЗИ мен ЖОО арасындағы ғылым және білім беру консорциумының жұмыс комиссиясы отырысы өтті.

Бұл жұмысқа С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Инновациялар мен трансферттік технологиялардың аймақтық орталық басшысы Сергей Смаилов қатысты.

Сонымен бірге, 2013 жылдың 6 желтоқсанында кездесу қонақтарының қатысуымен «Келешек технологиялары мен инновациялары Беларус және Қазақстан экономикасында» атты ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын жасады.

Конференция жұмыс барысында инновациялар мен трансферттік технологиялар саласы бойынша ынтымақтастық пен іскерлік меморандумына қол жеткізді, яғни, келесі қонақтармен келісім-шарттарға қол қойылды: Франциска Скорин атындағы Гомель мемлекеттік университеті атынан Ғылыми жұмыс бойынша проректор, т.ғ.д., профессор О.М. Демиденко, Технологиялық машиналарды жасау Беларус қоғамдық ғылыми бірлестіктің атынан ғылыми бірлестіктің Бас директоры, т.ғ.д., профессор, БҰТУ Құрылыс және жол көліктері кафедрасының меңгерушісі А.В. Вавилов.