2013 жылдың 5 желтоқсанында С. Торайғыров атындағы ПМУ-да Павлодар облысының аудан және қала имамдары, наиб имамдары, Әбу Бәкір Сыддық атындағы медресенің шәкірттері үшін «Ислам дініндегі салт-дәстүрдің орны» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинардың жұмысында филол.ғ.к., профессор, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Айман Зейнулина, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Нұржамал Тышқанова, магистранттар мен студенттер қатысты.

Осы семинар қазіргі қазақстандық қоғамдағы діни құндылықтардың және қазақ дәстүрінің жағдайын, конфессияаралық әр түрлі жағдайдағы олардың даму тенденцияларын талдау мақсатымен өткізілді.

Семинарды ұйымдастырушы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы Орталық мешіті.

«Ислам дініндегі салт-дәстүрдің орны» атты ғылыми-әдістемелік семинар діни құндылықтарды, халық дәстүрін қайта өрлеу және оны Павлодар тұрғындары арасында насихаттау бойынша Орталық мешіттің жоспарлы іс-шараларының бірі.

Семинарға қатысушылар «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбы бойынша Павлодар облысы бойынша ҚМДБ өкілетті өкілі, Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы Орталық мешіттің бас имамы Нариман Исеновтың, «Халыққа салт-дәстүрдің дұрыс насихатталуы – дін негізі» тақырыбы бойынша Айман Зейнулинаның, «XXI ғасыр жастарының рухани құндылықтары мен идеалдары» тақырыбы бойынша Агротехнологиялық факультетінің 3–ші курс студенті Ғабит Хафиздің, «Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға Исламның көзқарасы» тақырыбы бойынша Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы Орталық мешіттің наиб-имамы Нұржан Манапбаевтың, «Қазіргі кезеңдегі діни құндылықтардың және халық дәстүрінің рөлі туралы мемлекеттік саясат» тақырыбы бойынша Нұржамал Тышқанованың баяндамаларын тыңдады.

Содан кейін, жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу, қазіргі қазақстандық қоғамның көп конфессиялық түрлілік жағдайындағы діни құндылықтарды қабылдау және дұрыс түсіну бойынша өзекті сұрақтар талқыланды. Және біздің қоғам үшін қауіпті ағымдарға және жалған діни идеяларға қарсы күрес бойынша дәстүрлі мәдениетті, оның әдет-ғұрпын насихаттауға қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді қолдануға ұсыныс жасады.

Пікір алмасу кезінде, университеттің студенттері мен медресе шәкірттері отбасы мәртебесі туралы, әйелге, анаға, қызға деген құрметті қарым-қатынас туралы өз көзқарастарын айтты. Және қазақ халқының дәстүрін және әдет-ғұрпын, діни құндылықтарды насихаттау, жастарды рухани-адамгершілік ағарту сұрақтарында бірлескен ынтымақтастық туралы ұсыныстар енгізілді.

Орталық мешіттің бас имамы Н.Е. Исенов өз сөзінде былай айтқан: «Біздің көп ұлтты елімізде достық пен келісімді нығайту және сақтау үшін, біз қазақ халқының мәдени және рухани құндылықтарын дамыту және бағалау керекпіз». Және де ол барлық семинарға қатысушылардың баяндамалары қызықты және танымдық болды деп белгіледі. Семинар қорытындысында, Н.Е. Исенов А.Ф. Зейнулинаға, Н.С. Тышқановаға, Орталықтың маманы А.Ә. Шаймерденге, магистранттар мен студенттерге өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, ерекше алғысын семинарды дайындау және өткізу шарасында демеу көрсеткені үшін С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры С.М. Өмірбаевқа білдірді.