Томск мемлекеттік университетінің базасы негізінде өткен «Инновация территориясы. Трансферттік технологиялар орталықтарының үздік тәжірибелері» атты халықаралық мектеп-конференциясының жұмысына С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің Инновациялар мен трансферттік технологиялардың аймақтық орталығының директоры Сергей Смаилов қатысты.

Мектеп-конференция жұмысының аясында «Инновациялық толқынды ұйымдастыру», «Трансферттік компоненттің халықаралық компоненттері» сынды бүгінгі күннің өзекті мәселелерін тарқатқан баяндамалар ұсынылды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ғылыми-техникалық жобалардың маркетингі, олардың құралдары, ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, шетелдік нарыққа қозғалу, «BBC Research Elsevier» құралдары туралы сауалдарға жауап іздеді.

С.Т. Смаиловтың бастамасымен конференцияға қатысушылар университет бойынша, яғни, Инновациялық зерттеулер факультетінің, бизнес-инкубатор мен каталитикалық зерттеу зертханаларының жұмыстарымен танысты.

Конференция жұмыстарының нәтижесі бойынша инновация мен трансферттік технологиялар саласында іскерлік туралы ауызша меморандум бекітіліп, мына қатысушылар арасында келісім орнады: Мәскеу физика-техникалық институты (мемлекеттік университет) атынан ф-м.ғ.к., а.ғ.қ. физикалық механика кафедрасының меңгерушісі орынбасары, трансферттік технологиялар бойынша жобалардың жетекшісі К.Э. Сон, «Новосібір» технопаркінің орындаушылық дирекциясының атынан дирекция директоры, ф-м.ғ.к. Б.Ю. Гришняков, Мәскеу қаласының А. Невский атындағы заңнамалық ұйымының атынан з.ғ.к., инновациялық бизнес жобалардың қосалқы тәжірибелік жетекшісі Н.М. Зайченко.