С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері жоғары оқу орынының Ғылым және инновация департаментінің қолдауымен Павлодар қаласының Жастарға қызмет көрсету орталығында өткен облыстық конструкторлық бюро байқауына қатысты.

«Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ және «Павлодар облысының Қазақстан студенттер Альянсінің» ЖҚБ ұйымдастыруымен өткен байқау өз жұмысын көрме түрінде бастады.

Жастар конструкторлық бюро байқау-көрмесі Павлодар қаласында алғаш рет жүзеге асып отыр. Байқау шығармашылық жастардың қалыптасуын, жан-жақты үйлесімі жарасқан жастарды техникалық бағытта дамыту сынды мақсаттарды көздейді.

Байқау нәтижесі бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен магистранттары келесі жүлделі орындарды қанжығаларына байлады.

Т.ғ.к., Жылуэнергетикасы кафедрасының доценті Евгений Приходьконың жетекшілігімен Энергетикалық факультеті ТЭ-402 тобының студенттері Владислав Серебряков пен Виктория Сероокая орындаған «Отын брикеттерін өндіру технологиясын өңдеу және зерттеу» жобасымен 1 орынды иеленді.

Транспорттық техника және логистика кафедрасының аға оқытушысы Руслан Мұқановтың ғылыми жетекшілігімен Металлургия, машина жасау және транспорт факультетінің КТ-401 студенті Ораз-Хамит Абишевтің орындаған «SKODA Oktavia авто көлігінің негізінде гибридтті күшті бекітпесімен автомобиль құрастыру» жобасы 2 орынға лайықты деп танылды.

Т.ғ.к., Машина жасау және стандарттау кафедрасының профессоры Иван Шумейконың жетекшілігімен Металлургия, машина жасау және транспорт факультетінің МС-402 тобының студенті Нұркімбаев Сағыныш пен ММАШ-12н тобының магистранты Алексей Христодоровтар жасаған «Әмбебап желді энергетикалық бекітпесінің инновациялық жобасы» атты жұмысы 3 орынға бағаланды.

Байқау аяқталғаннан кейін Жастарға қызмет көрсету орталығында «Студенттермен қарым-қатынас орнатудың келешегі мен жас ғалымдардың инновациялық идеяларын дамыту мен іске асыру» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Павлодар облысы Қазақстан студенттер Альянсі» ЖҚБ төрағасы Нұргүл Айғожинаның айтуынша, жастарға әлеуметтік қолдау болатын осы сынды шаралар жас өнертапқыштардың шығармашылығын дамытып, олардың инновациялық иделарына шабыт береді.