2013 жылдың 3 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің белсенді студенттері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Мейрам Бегентаев пен Андрей Бегенеевпен кездесті.

Кездесудің мақсаты – ҚР Мәжіліс депутаттарының Павлодар облысына жұмыс сапары барысында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың студенттері әрі өңіріміздің өміріне бейжай қалмайтын белсенді жастарымызбен жүздесу арқылы Павлодар облысы жастарының мәселелерінен хабардар болу. Жоғары оқу орынының белсенді жастары ҚР Мәжіліс депутаттарына мазалаған сұрақтарын қойып, бетпе-бет жауап алуына мүмкіндік алды.

ҚР Мәжіліс депутаты Андрей Бегенеев студенттерге депутаттық іс- сапарының маңыздылығы мен басты бағыттарына тоқталып өтті. Мәжіліс депутаты Мейрам Бегентаев студенттік жастармен мемлекеттік жастар саясаты турасында сөз қозғады. Ол өз сөзінде: «Жастар саясатында немқұрайлылық қарым-қатынас болмау керек. Мемлекет тарапынан да, жастар тарапынан да жауапкершілік қызмет бәрінен басым болуы тиіс», - деп қадап айтты.

Студенттерді жастар саясаты туралы заңнамалар, мемлекеттік жастар бағдарламасы және өңіріміздің экологиялық мәселелері төңірегіндегі сауалдар мазалады. Жиылған студенттер депутаттармен кездесу барысында көкейкесті сұрақтарға жауап алды.