С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Студенттер үйінде Студенттік кеңестің ұйымдастыруымен «Таланттар сайысы- 2013» атты іс-шарасы өткізілді.

Сайысқа он бір өнерпаз қатысты. Қатысушылар екі кезең бойынша бақтарын сынады, олар өзін-өзі таныстыру және бойындағы өнері. Әділқазы алқасы қатысушыларды әртістік және шығармашылық шеберлігі бойынша баға берді. ПМУ-дың Тәрбие және әлеуметтік мәселелер департаментінің жоғары дәрежелі мамандары Жуматаева У.Д., Сарбалиева З.И. сайыстың қазылар алқасының мүшелері болып табылды.

Сайыс жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, студенттер арасында таланттарды анықтау және де олардың тиімді дамуына жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау мақсатымен өткізілді.

Сайыстың жүлдегерлері: «Гран-при» алған Амантай Мереке, I орынға ие болған Испаева Айсұлу, II орын алған Уатхан Ержан, III орынға ие болған Абдыкәрімова Әсемгүл және «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша жеңіске жеткен Белгожанова Динара.