Тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарларының, кафедра меңгерушілерінің, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мамандарының, магистранттардың, студенттердің қатысуымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы этносаралық төзімділік: жағдайы және беталыстары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты: қазақстандық қоғамдағы төзімділік мәдениетінің даму беталыстарын және этносаралық қарым-қатынастырдың жағдайын түсіндіру.

Семинар-практикум ұйымдастырушысы: С. Торайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы (ары қарай – Орталық).

Ғылыми-әдістемелік семинардың жұмысында Р.Ш. Шамкенова - Павлодар облысы ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары; А.З. Сыздыкқова, Павлодар облысының «Нұр Отан» партиясы филиалының ұйымдастырушылық-партиялық бөлімінің кеңесшісі, А. Бартель - жастар Этномәдениет бірлестігінің үйлестіру кеңесі төрайымының орынбасары, Павлодар облысы ҚХА неміс жастары клубының жетекшісі, ИнЕУ студенті қатысты.

Өткізілген «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы этносаралық төзімділік: жағдайы және беталыстары» атты ғылыми-әдістемелік семинар – студенттік ортада этноконфессиялық төзімділікті қалыптасу бойынша университеттің жоспарлы іс-шараларының бірі.

Семинарға қатысушылар «Толерантность: генезис, история развития» тақырыбы бойынша т.ғ.к., С. Торайғыров атындағы ПМУ философия және мәдениеттанеу кафедрасының доценті Г.Қ. Жапекованың, «Ұлттық бірлікті нығайтуда қазіргі қазақстандық жастардың рөлі» тақырыбы бойынша жастар Этномәдениет бірлестігінің үйлестіру кеңесі төрайымының орынбасары, Павлодар облысы ҚХА неміст жастары клубының жетекшісі, «Биология» мамандығы бойынша ИнЕУ студенті А. Бартельдің, «Қазақстан Республикасының Ұлттық саясаты – этносаралық толеранттылықтың үлгісі» тақырыбы бойынша «Саясаттану» мамандығы бойынша тарих және құқық факультетінің студенті Ә. Мейрмановтың, «Қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақта толеранттылықты тәрбилеу туралы» тақырыбы бойынша «География» мамандығы бойынша Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің магистранты А. Мұканованың, «Қазақстан халқының ассамблеясы –этноконфессионалды толеранттылықтың негізі» тақырыбы бойынша «Мәдениеттану» мамандығы бойынша тарих және құқық факультетінің студенті Д. Шакеновтың баяндамаларын тындады.

Баяндамашылардың сөз сөйлегеннен кейін семинарға қатысушылар белгіленген тақырып бойынша пікір және ұсыныстар алмасу және студенттік ортада этноконфессиялық төзімділікті қалыптасу және нығайту бойынша жұмыстың алдағы бағыты анықталды.

Содан кейін Халықаралық төзімділік күніне арналған конкурстың қорытындысы шығарылып, номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

«Ең үздік мақала»: 1 орын – Әділет Мейрманов, «Саясаттану» мамандығы бойынша оқитын Тарих және құқық факультетінің 2 курс студенті; 2 орын – Айнұр Мұқанова, «География» мамандығы бойынша оқитын Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің 2 курс магистранты; 3 орын – Диас Шакенов, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша оқитын Тарих және құқық факультетінің 4 курс студенті.

«Ең үздік ұран»: 1 орын – Якобс Сергеевс, «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша оқитын Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің 4 курс студенті; 2 орын – Рысбек Маусумбаев, «Психология және педагогика» мамандығы бойынша оқитын Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің 1 курс магистранты; 3 орын – Даулет Кудерин, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша оқитын «Энергетика» факультетінің 3 курс студенті.

«Ең үздік логотип»: 1 орын – Анастасия Панарина, «Машина жасау» мамандығы бойынша оқитын Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің 4 курс студенті; 2 орын – Сағыныш Нұркімбаев, «Машина жасау» мамандығы бойынша оқитын Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің 4 курс студенті.

«Объектив арқылы толеранттылық»: 1 орын – Рысбек Маусумбаев, «Психология және педагогика» мамандығы бойынша оқитын Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің 1 курс магистранты; 2 орын – Ержігіт Тағай, «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша оқитын Сәулет-құрылыс факультетінің 2 курс студенті.

«Арнау»: 1 орын – Жангелді Жанат, «Электроэнергетика» мамандығы бойынша оқитын «Энергетика» факультетінің 2 курс студенті; 2 орын – Қасымхан Мұхитов, Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің 1 курс студенті; 3 орын – Айгүл Құлмағанбетова, «Журналистика» мамандығы бойынша оқитын Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің 2 курс студенті.

Жүлделі орын алған магистранттар мен студенттерге құрмет грамотасы тапсырылды. Жеңімпаздарды Облыс мәслихатының депутаты Г.Ғ. Нұрханованың атынан ақшалай жүлдемен А.З. Сыздықова, «Регион kz» газетіне жарты жылдық жазылу сертификатымен және Сергей Горбуновтың «Память сердца» кітабымен Р.Ш. Шамкенова марапаттады.

Конкурсқа қатысушыларын марапаттау рәсімінің соңында Орталықтың директоры Н.С. Тышқанова қонақтарға қатысқаны үшін алғысын білдіріп, университетте жүзеге асырылатын бастамаларды қолдап студенттік ортада этноконфессиялық төзімділікті қалыптасу барысында белсеңді қатысқаны үшін алғыс хат тапсырды.