Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драмалық театры қабырғасында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғалымдары өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.

Павлодар облысының ауыл шаруашылығын дамыту көрмесінің шеңберінде облыс әкімі Ерлан Арынның төрағалығымен, Ауыл шаруашылық қызметкерлері күнінің қарсаңында Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драмалық театры қабырғасында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғалымдары өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.

С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Болатжан Мұстафаев шылаушындарды қолдану негізінде ауылшаруашылық және қаланың органикалық қоқыстарын кәдеге жарату жобасын ұсынды. Аталмыш жоба биогумус пен топырақтық ерітіндіні алу үшін яғни, сапалы тыңайтқышты өндіру үшін таптырмас табылған дүние.

Өз кезегінде техникалық ғылымдарының кандидаты, профессор Иван Шумейко өзінің «Әмбебап жел генераторы» атты жобасын көпшілікке таныстырды.

ПМУ-дың Технологиялық трансферті және инновациялар аймақтық орталығының басшысы Сергей Смаиловтың айтуынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемекеттік университеті ғалымдарының жобалары бүгінгі күнде технологиялық жетілдірудің сапалы негізін салып келеді. Ол өз сөзінде: "ПМУ ғалымдары еліміздің индустриялдық кеңістігін дамытуды қамтамасыз ету үшін ғылымның инновациялық үдеріске бетбұруына зор үлес қосуда", - деп мәлімдеді.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмыстары үшін «Креативті жаңашыл көзқарас» номинациясы бойынша марапатталды.