С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «ПМУ аруы-2013» сұлулық байқауының қорытынды кеші өтті. Байқау финалына тоғыз факультеттің арулары қатысты.

Байқауды ұйымдастырған – С.Торайғыров атындағы ПМУ Жастар істері жөніндегі комитетінің қолдауымен «ПМУ.FM» студенттік радиосының ұжымы.

Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Финалда байқауға қатысушылар 4 конкурстық бағдарламалар негізінде, атап айтсақ, «Өз-өзін таныстыру», «Менің хоббиім», «Адамгершілік құндылықтары» және сән үлгілерінің көрсетілімі (дефиле) бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Байқаудың нәтижесі бойынша ПМУ Агротехнологиялық факультетінің МШӨТ-201 тобының студенті Көркем Байзолла «ПМУ аруы-2013» атағына ие болды. Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің студенті Мөлдір Мұхитденова «Вице- ПМУ аруы -2013» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ал Ботагөз Сейілтжанова екінші «Вице ПМУ аруы -2013» болып танылды.

Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенттері Мәдина Темірболатоваға (Жур-101 тобы), Айдана Шәйкеноваға (МБ-101 тобы) «Интернет аруы-2013» және «Көрермендер көзайымы-2013» атты номинациялар бойынша марапаттар табыс етілді.

«ПМУ аруы-2013» байқауының жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.