2013 жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чу Хён С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен магистранттарына дәріс оқу мақсатымен арнайы келді.

Дәріс тақырыптары: «Корея Республикасы экономикасының даму тарихы», «Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы ынтымақтастық».

Жалпы айтқанда, Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чу Хён дәрісінде екі мемлекет арасындағы өзара тиімді әріптестіктің одан әрі дамуына ықпал ететініне үмітті екендігін білдірді.

Дәрістен кейін С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен магистранттары Корея Елшісіне толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, соның ішінде Корея білім беру жүйесінің ерекшеліктері, корей инновациялық зерттемелердің келе жатқан EXPO-2017 халықаралық көрмесінде алатын орны, қазақстандық студенттердің корей волонтерлық бағдарламаларға қатысу келешегі секілді сұрақтар. Жоғары лауазымды қонақ барлық сұрақтарға толығырақ жауап берген.