2013 жылдың 29 қазан күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XVI көшпелі отырысының аясында Сарапшы клубтардың отырысы өткізілді.

Жастар саясаты саласындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді уақытылы анықтау және талдау, мемлекеттік жастар саясатын тиімді түрде іске асыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу мақсатымен Сарапшы клубтар құрылуда. Сарапшы клубтың міндеті халықаралық тәжірибеге және қазіргі таңдағы қазақстандық ахуалға сүйене отырып, қазақстандық жастардың проблемаларын шешудің механизмдерін дайындауға бағытталған. Сарапшы клубтың жұмысына жастар саясатына қатысы бар барлық салалардағы сарапшылар жұмылдырылады.

Ағымдағы отырыстың жұмысына өңірлік жастар саясаты басқармаларының, спорт және дене шынықтыру басқармаларының, білім басқармаларының басшылары, мәслихат депутаттарынан құрылған жастар саясаты мәселелері бойынша партиялық кураторлар шақырылды.

Қатысушылар Сарапшы клубтардың бес түрлі бағыттағы отырыстарына қатысқан:

- нормативті-құқықтық базаны жетілдіру және ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету;

- өңірлік даму;

- бизнес, инновация және ғылымды дамыту;

- медиакоммуникациялар.

ПМУ-да өткен Сарапшы клубтардың отырыстарының үйлестірушілері: ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев, «ҰБХ «Бәйтерек» АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі Данат Жұмин.

Сараптамалық сүйемелдеу – қызметтің тиімді бағыттарының бірі. Сарапшы клубтың жұмыс нәтижесі бойынша мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы тиімді ұсыныстар әзірленген болатын.