2013 жылдың 28 қазанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңестің XVI көшпелі отырыс аясында Кеңестің мүшелері ПМУ студенттерімен кездесті.

Кездесудің үйлестірушісі – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.

Жалпы Павлодар облысында өткен Кеңес отырысының басты мақсаты спорттық инфрақұрылымдарды дамыту және өскелең ұрпақты спортқа тарту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес – мемлекеттің жастар саясатын тұжырымдауға жас адамдардың шынайы қатысу тетігі.

Кеңес жастарға қатысты маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезінде жастардың дауысын есту үшін құрылды. Ол жас адамдарға еліміздің болашағын, өз болашағын қалыптастыру үдерісіне қатысуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Кеңес 49 мүшеден тұрады.

Кеңестің көшпелі отырысы қоғам өкілдері мен жастардың кеңінен қатысуымен өтеді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Дамыту стратегиясы бойынша және тәрбие мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Ақышевтың айтуы бойынша, осындай кездесулер студенттік жастарға оларға қатысты кешендi мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарын анықтауға, мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру тиiмдiлiгiне талдау жасауға; мемлекет саясатының жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылауға мүмкіндік беруде.