С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Сағыныш Нұркымбаев (Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің «Машина жасау және стандарттау» кафедрасы) және Әйгерім Манабаева (Қаржы-экономика факультетінің «Менеджмент» кафедрасы) 2013 жылдың Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры – Ұлт Көшбасшысы стипендиясы сарапқа түскен Республикалық байқауда жеңімпаз атанды.

Биылғы жылы студенттерге ұсынатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры – Ұлт Көшбасшысы степендиясын таласқа салған республикалық байқау төртінші мәрте өткізіліп отыр. ЖОО-дағы студенттердің білім, ғылым мен шығармашылық бағытын дамыту, қолдау мақсатында 80 стипендия ұсынылды. Байқауға қатысқандар – оқу үлгерімі жоғары, университеттің қоғамдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына атсалысқан белсенді студенттер.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың студенттері Сағыныш Нұркымбаев және Әйгерім Манабаева оқу жетістіктері мақалалар бетінде, баяндамаларында, шығармашылық байқаулардағы жеңістерінде көрініс тауып және үздік нәтижелер көрсеткіштермен степендия иегерлерінің алдыңғы қатарынан көрінді.

Қор белгілеген стипендия бір жылдық оқу жылына беріледі. Қор басшысы озат студенттерге куәліктер мен төсбелгілерді салтанатты түрде сеніммен табыстады.

Сонымен қатар, стипендия иегерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қор ғимараты бойынша экскурсия өткізілді.