С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері Дюк университетінің (Duke University, Солтүстік Каролина, АҚШ) өкілі Джозеф Таммен кездесті.

Бұл кездесудің мақсаты – С. Торайғыров атындағы ПМУ оқытушыларының «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамалар бағдарламасының талқылауы.

Джозеф Там ПМУ Қаржы-экономика факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесті.

Кездесуді ашқан Қаржы-экономика факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Тахир Эрназаров: «Болашақ» атты білім саласындағы ауқымды жобаның кең етек жаюы, ел жастарының заманауи халықаралық стандартқа сай сапалы білім алуына жол ашады», – деп мәлімдеді.

Дюк университеті (Duke University) Халықаралық университеттер рейтингі бойынша 23 орын алуда.

Джозеф Там өз сөзінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әкімшілігіне зор құрметін білдіріп, жоғары білімді, мәдениетті қазақстандық студенттерге Дюк университетінің есіктері әрдайым ашық деп айтқан болатын.