С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің концерттік залында ПМУ гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенттері мен оқытушылары Семей қаласының Ф.М. Достоевский әдеби-мемориалды мұражайының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуді С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.

Музей қызметкерлері, атап айтсақ, Бас қор сақтаушы Татьяна Титаева және Ғылыми-экспозициялық бөлімінің меңгерушісі Ирина Соловьева қызықты театрландырылған түрінде ұлы орыс жазушысы Ф.М. Достоевскийдің қызы Л.Ф. Достоевская туралы баяндап, музейдің сирек материалдарын ұсынды.

Сонымен қатар, кездесуге арнайы қонақтар ретінде «Иртышские огоньки» әдеби-поэтикалық бірлестігінің мүшесі Любовь Бароховская (Семей қ.), Павлодар қаласының П. Васильев атындағы Музей-үйінің директоры Закия Мерц қатысқан.

Кездесу соңында ПМУ студенттері кездесуді ұйымдастырған филолог-оқытушыларға шексіз алғысын білдірді.