Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ММ мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған облыстық «Ашық өнер – доступное исскусство – accessible arts» атты шығармашылық жобалар байқауына зор үлестерін қосқаны үшін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік сауалдар департаментінің қызметкерлеріне шынайы алғыстарын жеткізді.

Жобаның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдениет және өнер құралдары арқылы өз-өзін жетілдіруіне, оңтайландыруға әрі әлеуметтік бейімделуге қол ұшын беру, Павлодар облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі жастардың тең құқығын қамтамасыз ету, сонымен қатар, мүгедектердің қоғамға бірігуін мақсат еткен тәжірибені кеңінен тарату болып табылады.

Байқау әдебиет өнері бойынша «Қол жетпес орта», «Кадрдан тыс қала» атты фото жобаны, сәндік қолданбалы өнер бойынша «Саз студиясы», декламация өнерінде «Speak up! Айтып қал!», бейнелеу өнерінде «Үйлесімді әлем» сынды үздік деп танылған бес жобаны сынға алды.

Байқау іріктеу, шеберлікті жетілдіру және қатысушылар жұмыстарын көрмеге ұсыну сияқты 3 кезеңнен тұрды. Байқау қатысушыларына лайықты марапаттармен қоса әуелеген ән кеші де тарту етілді. Байқауда С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың мүмкіндігі шектелген 7 студенті бағын сынады. Өз жобасы үшін аяғына дейін жанын салып, жеңімпаз атанған қатысушыларға арнайы дипломдар мен 7500 теңге көлеміндегі сыйлық сертификаты тарту етілді.