С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің спорттық командасы дәстүрлі Республикалық аймақ аралық ЖОО арасындағы мини-футболдан ҚР Білім және ғылым министрінің кубогын ұтты.

2013 жылдың 30 қыркүйек пен 7 қазанның аралығында жоғары дережеде өткен жарысқа 18 ЖОО-ның командалары қатысты.

С. Торыйғыров атындағы ПМУ-дың мини-футбол командасының жаттықтырушысы – университеттің «Сұңқар» спорттық клубының қызметкері, жағажай футбол бойынша спорт шебері Есен Мұңтынов.

ПМУ командасы жарыста көрсеткен жоғары нәтижесімен 2011 жылда алған чемпиондық атағын дәлелдеді.

Сонымен қатар, ойыншылар жеке номинациялар бойынша марапатталды.

Олардың қатарында – «Үздік қақпашы» номинациясында ұтқан ПМУ-дың Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің ТТ-102 тобының студенті Ризабек Мұрсәлімов.

Бұл жарыстың негізгі мақсаты – әрбір ЖОО-да спортты насихаттап, футболдағы команда арқылы бірлік және елдік патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.