С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты Данияр Мерғалиев Мәскеу және Ульяновск қалаларында өткен III Халықаралық мәдени форумға қатысты.

Форум «Жаңа ұрпақ» атты Шетелдік мемлекеттердің саяси, қоғамдық, ғылыми және іскерлік салалардағы жас мамандардың Ресей Федерациясына қысқа мерзімді танымдық сапарларының бағдарламасы бойынша өтті.

Форумның бағдарламасына сәйкес, С. Торайғыров атындағы ПМУ ғалымы ТМД делегациясының құрамында Ульяновск облысының әкімшілігімен, Ульяновск облысының Өнер және мәдени саясаттың министрі Т.А. Ившинамен, Тәуелсіз мемлекеттердің достастығының мен шетелдегі отындастардың істері және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі «Россотрудничество» федералдық агенттігінің жетекшісі К.И. Косачевпен, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің басшысымен, Мәскеу Үкіметінің Халықаралық және сыртқы экономикалық қатынастар департаментінің жетекшісі С.Е. Черёминмен кездесіп, сонымен қатар, сапардың аясында ірі ресейлік ЖОО-мен танысып өтті.

Форумға қатысушылар Мәскеудің ең көрнекті жерлеріне шолу жасап, әлемге танымал опера әншісі Дмитрий Хворостовскийдің концертін тамашалады. Ал, Егор Кончаловский қазақстандық режиссерлермен бірлесе түсірген «Астана – менің жүрегім» фильмінің бірінші көрсетілімі Қазақстаннан келген қонақтардың Отанға деген сүйіспеншілігін арта түсірді. Көрсетілімнен кейін белгілі режиссер көрермендермен кездесті.

Данияр Мерғалиұлының айтуы бойынша, осындай халықаралық деңгейде өтетін іс-шаралар жалпы мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтып, қатысушылардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін ұдайы жетілдіру құралы болып табылады.