2013 жылдың 2 қазан күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Аймақтық даму министрлігінің, Павлодар облысы бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Экономика және аймақтық даму мәселелерінің талқылауына ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы Дина Шәженова, Қазақстан Республикасы Аймақтық даму министрлігінің Аймақаралық ынтымақтастық және экономикалық аудандастыру департаментінің директоры Ардақ Досанов, Павлодар облысы бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары Ирина Назарчук қатысты.

Кездесу барысында Дина Шәженова аймағымыздың және еліміздің экономика саласындағы маңызды мәселелерді талқыға салды, атап айтсақ, ҚР Салық кодексінің болжамды өзгерістер, бизнесті инвестициялау, әлеуметтік саясаттың жаңа бағыттары, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының модернизациялау, Егіншілік пен мал шаруашылығын қаражаттандыру, білім беру саласындағы өзгерістер.

Іс-шараға С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері белсенді қатысқан.

ПМУ Дамыту стратегиясы бойынша және тәрбие мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Әкішевтың айтуы бойынша, экономика мамандарын сапалы даярлауға зор ықпал жасайтын ЖОО үшін осындай кездесудің маңызы зор.