2013 жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Серік Нөгербеков С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне арнайы іс-сапармен келді.

Іс-сапардың барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Серік Нөгербеков университеттің ақпараттандыру жүйесімен танысып өтті. Университеттің ақпараттандыру жүйесінің құрамына білім беру порталы, «e-Learning CDT» атты мультисервистік ақпараттандыру жүйесі, электрондық құжат айналымы жүйесі, ақпараттық-коммуникациялық жүйесі (ақпараттық киосктер, видеоконференц-байланысы, 19 интерактивтік проекторлар және т.б.) кіреді.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың қызметкерлері қонақтың назарына сирек кітаптар қорын, «Рухнама» топтамасының кітаптарын, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, С.Торайғыров туралы жинақ кітаптарымен, сонымен қатар, Нобел дәрістері топтамасын ұсынды.

Арнайы іс-сапардың аясында С. Нөгербекұлы ПМУ-дың ғылыми зертханаларын, атап айтсақ, «Жануарлар биотехнологиясы» зертханасын, «Химиялық наноқұрылған полимерлік гидрогельдер мен наноэлектроника» зертханасын, «Өсімдік биотехнологиясы» зертханасын, «Қуат үнемдеу және технология» зертханасын көріп шықты.