С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде футболдан «Ректор кубогы» атты жарыстары өтті.

Іс-шараны ашқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Дамыту стратегиясы бойынша және тәрбие мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Әкішевтың жарысқа қатысушыларға ақ жол тіледі.

Жарыстар С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің стадионында жеңілдетілген мини-футбол ережелер бойынша өтті.

Жоғары дережеде өткен жарысқа 84 оқытушы мен бөлімшелер қызметкерлерінен құралған 10 команда қатысты. Барлық ойыншылар футболдың ережелерінің жоғары білімін және жоғары техникалық орындалуын көрсетті.

Университеттің ақпараттандыруын техникалық қамтамасыз ету бөлімі жарыстан бірінші орын алып жеңімпаз атанды. Екінші орында – әкімшілік-шаруашылық бөлімі, үшінші орында – Металлургия, машина жасау және көлік факультеті.

Сонымен қатар, ойыншылар келесі номинациялар бойынша марапатталды:

- «Үздік қақпашы» – Ақаев Айбек Мұратбекүлы, Энергетика факультеті;

- «Үздік шабуылшы» – Сүлекеев Дәурен Қуанышұлы, Тарих және құқық факультеті;

- «Үздік бомбардир» – Қайыров Олжас Қалиұлы, Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті;

- «Пайдалы ойнашы» – Следюк Александр Анатольевич, Металлургия, машина жасау және көлік факультеті;

- «Жасы үлкен ойнашы» – Роев Михаил Михайлович, «Сұңқар» спорттық клубы;

- «Үздік қорғаушы» – Испулов Нұрлыбек Айдарғалиұлы, Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті.