2013 жылдың 27 қыркүйек күні «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалында өткен «жасыл» энергетиканың негізгі бағыттарын анықтайтын аймақтық форум болды.

Іс-шараның басты мақсаты – «жасыл» энергетикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдама ережелерін түсіндіріп өту.

Форумға ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары, министрліктер мен мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-құрылымдарының өкілдері, отандық сарапшылары, сонымен қатар, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары Технологиялық трансферті және инновациялар Аймақтық орталығының директоры Сергей Смаилов (баяндамасының тақырыбы – «Ғалым, инновациялар және «жасыл» экономика»), т.ғ.к., Құрметті кафедра меңгерушісі, Машина жасау және стандарттау кафедрасының профессоры Иван Шумейко (баяндамасының тақырыбы – «Желді генераторлардың дауылға қарсы қорғанысы») қатысты.

Сергей Темірболатұлының айтуы бойынша, еліміз «жасыл экономикаға» көшудің алдағы ұзақ мерзімді жоспары барысында Қазақстанның экономикалық тұрақтылық қуатын барынша сақтай отырып, экономиканың өркендей түсуіне мүдделі.

«Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы басқармасының төрайымы Салтанат Рахимбекова өз сөзінде «жасыл» экономикаға көшуді ойдағыдай іске асыру үшін басқару шешімдерінің, технологиялар мен технологиялық процесстердің экология тұрғысынан бағалай алатын кәсіби кадрлармен қамтамасыз етілуі керектігін атап өтті.

Жалпы айтқанда, форумға қатысушылар аталмыш іс-шара «жасыл экономика» бағдарламасын іске асыруға негіз боларлық құқықтық, экономикалық және ғылыми-негіздік шарттарды жақсартатын, сондай-ақ табиғатты керегімізге қарай игеріп, оны тиімді тұтыну тәжірибесін жетілдіруге ынталандыратын игі бастамасы деген шешімге келді.