2013 жылдың 27 қыркүйек күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде студенттік өзін-өзі басқару науқанында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау» атты конференция өтті.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау, патриоттық сезімдерді, Отанға, еңбекке деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу болып табылады. Аталмыш шара жастарды мемлекеттік тілді құрметтеуге, сүюге шақырады.

Конференцияның модераторы – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттің университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, энергетикалық факультетінің студенті Арман Кызылбаев болды. Сонымен қатар, конференцияда Студенттік жастар бірлестіктерінің көшбасшылары Ақбота Сарыбай мен Нұрмагамбет Жұмаділов өз баяндамаларын ұсынды.

«Аталмыш шарамен біз, жастарды мемлекеттік тілді құрметтеуге және оны күнделікті өмірде жиі қолдануға шақырамыз», – деді Арман Қызылбаев.