Қариялар күні қарсаңында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттер кәсіподағының белсенділері тыл еңбеккері Вера Петровна Ермолованың үй шаруашылық жұмыстарына барып көмектесті.

Вера Петровна «Тыл қорғағаны үшін» Сталин медалімен марапатталған. Еңбек жолын 1940 жылдан бастап 15 жасында Шалдай орман шаруашылығының ағаш кесушісі ретінде бастаған. 1968 жылы Павлодар индустриалдық институтының (қазіргі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті) вахтері болып істеген.

ПМУ студенттері тыл еңбеккерінің үйін жинап, ауласын тазалап берді.

Студенттер кәсіподағының белсенділерінің пікірінше, осы іс-әрекеттер арқылы бүгінгі жастарға қарттарды құрметтеуді, үлкенді сыйлауды, бір кезде еңбегімен еліміздің өркендеуіне үлес қосқан ардагерлерді ардақтауды үйретіп, ұрпақ сабақтастығы осындай қайырымдылық әрекеттерден құралатындығын насихатталуы керек.