С.Торайғыров атындағы ПМУ-да «Болашақ» бағдарламасы бойынша брифинг өтті.

Білікті де білгір азамат болу үшін жоғарғы оқу орнын тәмәмдағаннан кейін, оқуын шетелде жалғастырып, магистр боламын деушілерге арнайы өткізіліп отырған бұл конференцияға Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ вице-президенті Досмұхамбетова Ғалия және халықаралық бағдарламалардың менеджері Жақсылық Рүстем келіп, студенттер мен оқытушыларға қызықты ақпараттармен бөлісті. Бұл конференцияның негізгі мақсаты: «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқытушылар мен студенттерге сапалы білім беретін, шетел университеттерінде оқытып, «Болашақтықтардың» еліміздің білім жүйесінің дамуына айрықша үлес қосуы болып табылады. Досмұхамбетова Ғалия өз сөзінде магистратураға түсемін деушілерге есік ашық деген. Ең бастысы біліктіліктерін шыңдайтын жерде, білімді болған абзал деп сөз түйді.

Жиын барысында мамандар Болашақ бағдарламасының 1993 жылдан бері оның даму сатысын айқындап, Магистатураға түсу үшін ағылшын тілін міндетті түрде білуі қажет немесе арнайы ағылшын курсын тәмәмдаған «also»сертификаты болуы керек және мемлекеттік тілден де емтихан тапсырып, конституция баптарын толық білуі шарт. Психологтар психологиялық тест алып, өзге елде білімін жалғастыруына болатындығын зерттейді. Осы шарттарды адам толығымен орындай алса, шетелде біліп алуға әбден мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстандық магистранттардың көпшілігі 53% - Еуропада, 40 %- Ұлыбританияда, 30% - АҚШ-та болса, 8% - Азия елдерінде білім дәрежесін көтереді екен.

Оқытышылар мен студенттер үшін бұл брифинг тартысты өтіп, көкейлерінде жүрген сауалдарға жауаптарын тапты.