С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасында танымал ақын, жазушы Эдуард Асадовтың 90 жылдығына арналған «Шабыт» поэтикалық клубының ағымдағы оқу жылдағы алғашқы отырысы өтті.

Эдуард Асадов – танымал ақын, белгілі қоғам қайраткері. Ақынның көзі көрмесе де, өмірдегі жұмбаққа толы дүниені, адамның жанын тануға құштарлығы көркем сөз сүюшілерді таң қалдырады.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Э. Асадовтың шығармашылығына зор қызығушылық білдірді. Атап айтсақ, К-402 тобының студенті Гүлсана Әубакирова жиналғандардың назарына автордың өмір жолы жөніндегі мәліметтерді айтып берді. Диас Шакенов (К-402 тобы), Оксана Исакова (Фил-402 тобы), Адина Исенова, Виктория Фомовская, Зарина Сүлейман, Анжелика Ган (Жур-102 тобы) ақынның өлеңдерін оқып шықты.

Кештің соңында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың қызметкері Елена Лиханова осындай студенттердің әдеби талғамын жетілдіретін іс-шаралар жие өткізілетініне сенім білдірді.