С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы арқылы айқындалған жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Мектепке жол» атты акцияға қатысты.

Акцияның мақсаты: аз қамтылған отбасыларындағы мектеп оқушыларына қолдау мен көмек көрсету ғана емес, сондай-ақ балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалу сынды мәселеге қоғамның назарын аудару.

Акция аясында ПМУ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімі Мария Касьянова сияқты көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларының жаңа оқу жылына дайындалуына көмек көрсетті.

Бөлім Касьянованың отбасына оқу киімін алу үшін қажетті өлшеу жасап, керекті тауарларды алып, балалардың өз қолына табыстады.

Жалпы айтқанда, С. Торайғыров атындағы ПМУ аймағымыздың қоғамдық өміріне белсенді атсалысып, сонымен бірге, елімізде әлеуметтік жұмыстың ілгері дамуына өз септігін тигізіп келеді.