2013 жылдың 28 тамызында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» ХДП филиалы базасы негізінде «Қазақстан Республикасының Конститутциясы – мемлекеттіліктің алдағы дамуы мен нығаюының негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Құқықтану», «Әлеуметтану және саясаттану», «Тарих» кафедраларының оқытушылары мен Қазақстандық заңгерлер одағының, Павлодар облысы нотариальдық палатасының, Павлодар облысының әділет департаментінің, Еуразиялық инновациялық университетінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында ҚР Конституциясының сипаты мен артықшылықтары, азаматтардың білім алу, ғылыммен айналысуына конституциялық кепілдеме беретін бостандық құқықтары, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың конституциялық дамыған мемлекеттегі рөлі жайында сөз қозғалды.

Шараның модераторы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Мұсабекованың айтуы бойынша қазақстандық, еуропалық және ресейлік тәжірибеден алынған Негізгі Заңды қолданудағы салыстырмалы сараптама жасалды.

Аталмыш дөңгелек үстел қатысушыларына ҚР Конституциясын қарастыру бойынша, Негізгі Заңның заманауи кезеңдегі дамуы мен оның мәселелері төңірегінде пікір алмасуға мүмкіндік берді. Шараға қатысушылар осы сынды табысы мол кездесулердің жиі болатынына сенім білдірді.