С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы) және Башқұрт мемлекеттік университеті (Уфа қ., Башқұртстан Республикасы) Ғылыми-білімдік инновациялық ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

 Екі ірі ЖОО-ның басшылығының кездесуі Павлодар облысының әкімі Е. Арын бастаған делегация аймақаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында Уфа қаласына (Башқұртстан Республикасы) ресми сапардың аясында өтті.

Меморандум аясында ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы, атап айтсақ, бірлескен ғылыми-білімдік, ғылыми-зерттеу және ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асыру, ғылыми және білімдік конференцияларды, семинарларды өткізу сияқты көптеген мәселелер қарастырылған.

Сонымен қатар, аталмыш Меморандумға сәйкес С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Башқұрт мемлекеттік университеті оқытушылармен алмасу, яғни олардың аймақаралық ғылыми және білімдік конференцияларға, семинарларға қатысу, университеттердің кітапханаларында, зертханаларында қатар жұмыс істеу, ғылыми еңбектердің жинағын бірлесе шығару және де ПМУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттермен алмасу жүзеге асырады.