2013 жылдың 23 шілдесінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары G-global коммуникативтік алаңында өткен «Қазақстан Республикасында тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Конференция ұйымдастырушылары: Интеллектуалдық меншік ұлттық институты.

Аталмыш іс-шара VII Астана экономикалық форумы және II Дағдарысқа қарсы Бүкіләлемдік Конференциясының аясында өткізілді.

Конференцияға қатысушылар: аймақтық юстиция департаменттерінің өкілдері және Интеллектуалдық меншік ұлттық институтының филиалдары. Сонымен қатар, Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар қалалары бойынша интеллектуалдық меншік мамандары.

Конференция барысында Қазақстан Республикасы бойынша интеллектуалдық меншік құқығын қорғау сынды мәселелері және құқықтық қорғау қағидалары қарастырылған.