2013 жылдың Ұлттық (басты) рейтингі бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның көп салалы жоғары мектептері арасынан көшбасшылар қатарынан көрініп, бесінші орыннан көрінді.

 Жыл сайын өткізілетін институционалдық рейтингтің негізгі мақсаты: жоғары білімнің ұлттық жүйесін дамыту, жоғары оқу орындарының бәсекелестікке қабілеттілігін және олардың қызметінің сапасын жоғарлату. Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарының басты рейтингі барлық стейкхолдерлер үшін жоғары оқу орнының елдің басқа жоғары оқу орындары арасындағы орны туралы сенімді ақпарат көзі бола алады.

Рейтингтің негізгі қолданушылары – ЖОО таңдау кезіндегі талапкерлер мен олардың ата-аналары, студенттер, оқытушылар, ЖОО әкімшілігі. Сонымен бірге рейтинг нәтижесіне мүдделі топ жұмыс берушілер, жеке министрліктер, БАҚ, халықаралық ұйымдар, эксперттік қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдар.

БСҚТҚА жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі қазақстандық ЖОО-ның көптүрлілігін есепке алатындықтан оқу орындары келесі бағыттар бойынша берілген: көп салалы, техникалық, гуманитарлық, экономикалық, медициналық, педагогикалық және өнердің ЖОО.

Көп салалы ЖОО ретінде рейтингте бесінші орын алған С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті үш сатылы – бакалавриат, магистратура, PhD докторантурасы бойынша білім беретін еліміздегі ірі инновациялық-бағдарлы жоғары оқу орындарының бірі.

Университет студенттері халықаралық стандарттар бойынша ғылыми жұмыстарды атқарады. Білім беру жүйесіндегі инновациялар, интерактивтік технологиялар әрі дуалдық оқу жүйесі университет түлектеріне қоғамда лайықты орынға ие болуларына жол ашады.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жоғары дәрежелі оқытушылар құрамы, ірі материалдық-техникалық база, халықаралық білім кеңестігімен бірігу, инновациялар мен интерактивті IT – технологияларды қолдану айқын тәртіппен ұйымдастырылған оқу үрдісі және мамандарды даярлайтын дуалдық оқу жүйесі әрбір студенттің болашақ кәсіби өсуіне кепілдік береді.