2013 жылдың 6 шілде күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде магистратураны тәмамдаған түлектер диплом алды.

 Салтанатты іс-шараны ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов жаңа бітірген магистрлерді шын жүректен құттықтап, ПМУ магистратурасы ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқару кадрлары бойынша кәсіби тереңдетілген дайындық ұсынады деп мәлімдеді.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті үш сатылы – бакалавриат, магистратура PhD докторантурасы – білім беру жүйесімен қамтамасыз етілген.

Биыл С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін 126 магистр, олардың ішінде 58 магистр үздік дипломмен бітірген.