Халықаралық «J’son & Partners» аналитикалық компанияның басшысы Карл Йоханссен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне арнайы іссапармен келді.

 Карл Йоханссен іссапарының мақсаты – «Аймақтық инновациялық жүйені қалыптастыру әдістемесі» атты жобаны ұсыну.

Кездесуге С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің инновациялық технологиялар саласында зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғалымдар қатысқан.

Жиналған ғалымдар Аймақтық инновациялық жүйенің басты субъектілері, заңдық реттеуі, ұйымдастыру құрылымы, қаржыландыру тетігі сынды және өзге де мәселелерін талқылаған.

«J’son & Partners» аналитикалық компанияның басшысы Карл Йоханссен өз сөзінде: «Қазақстандық инновациялық технологиялар нарығы қарқынды дамуда. Аталмыш жоба инновациялық шешімі бар ғалымдарға зор септігін тигізеді».