2013 жылдың 14 маусымында Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чу Хён С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне арнайы іс-сапармен келді.

 

Елшінің ресми сапары Павлодар облысындағы «Қазақстан ғылымының күндері» аясында өтті. Елші С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың әкімшілігі және ірі ғалымдарымен кездесті.

Кездесу барысында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев жоғары лауазымды қонақты ПМУ-дың Қазақстандық-Корей инновациялық ынтымақтастығын қалыптастыратын жаңа технологиялары және инновациялық зерттеулерімен таныстырып өтті.

Атап айтсақ, Елші Пэк Чу Хён С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың төмен айтылған зерттеулерімен танысты: «Инновациялық технологиялардың қолдануымен астық элеваторларды жобалау» (орындаушы: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Қазақстан Республикасы), И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университеті (Ресей Федерациясы); ғылыми жетекшілері: т.ғ.к., профессор К.Ш. Арынгазин (С. Торайғыров атындағы ПМУ), т.ғ.к., доцент В.С. Лузев (АлтМТУ); «Қорғаудың жаңа резервтiк жүйесi мен автоматиканың электр қозғағышын, трансформаторлар және шиналарды енгізу арқылы кез келген өндiрiстерде технологиялық үдiстерiн бұзушылығын алдын алу» (орындаушылар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Қазақстан Республикасы), Томск политехникалық университеті (Ресей Федерациясы); ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Клецель М.Я., т.ғ.к., профессор Кислов А.П. (С. Торайғыров атындағы ПМУ), т.ғ.к, профессор Полищук В.И. (ТПУ); «Фазаның үзілуінен және дәмеленетiн кернеудiң симетриясыздауынан қорғайтын құрылғыны өңдеу» (орындаушылар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Қазақстан Республикасы), Томск политехникалық университеті (Ресей Федерациясы); ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Новожилов А.Н. (С. Торайғыров атындағы ПМУ), т.ғ.к., профессор Полищук В.И. (ТПУ); «Әлсіз көлбеу өзен ағынында жұмыс жасайтын бөгетсіз гидроэлектростанциялар» (орындаушылар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті; ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Баубеков Қ.Т., т.ғ.к., профессор Кислов А.П. (С.Торайғыров атындағы ПМУ); «Қуаты 4 кВт желді-генераторлық қондырғының жобасы» (ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., профессор Шумейко И.А).

Сонымен қатар, Елші Павлодар облысы әкімінің бастамасымен құрылған аймақтық Қазақстан Республикасы басты бағыттарындағы инновациялық-ғылыми зерттеулер сайтын қарап шықты.

Жалпы айтқанда, Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чу Хён бұл кездесу екі мемлекет арасындағы өзара тиімді әріптестіктің одан әрі дамуына ықпал ететініне үмітті екендігін білдірді.