2013 жылдың 14 маусымында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облысындағы «Қазақстан ғылымының күндері» аясында Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, профессор Ж.М. Әбділдиннің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған Жазғы пәндік университет өз жұмысын бастады.

 

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Жазғы пәндік университетінің мақсаты – университеттің оқытушылар-құрамы, магистранттары мен студенттеріне дәрістер өткізу.

Биыл ПМУ-да ф.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Әбділдин Жабайхан Мүбарақұлы, ҚР қоғам және мемлекет қайраткері, ф.-м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы, б.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Берсімбай Рахметқажы Іскендірұлы сияқты Қазақстан Республикасының ірі ғалымдары өз дәрістерін ұсынды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, профессор Ж.М. Әбділдин салтанатты түрде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алтын медалімен марапатталды.