2013 жылдың 26 мамыр мен 16 маусым аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жоғары оқу орынына шетелдік ғалымдарды шақырту бағдарламасы аясында Словенияның белгілі ғалымы магистранттар мен докторанттарға дәріс оқыды.

«Айналаны қоршау мониторингі және Географиялық ақпараттық жүйелер технологиясы» тақырыбы бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың География және туризм, Биология және экология кафедраларының магистранттары мен докторанттарына Словенияның Табиғат тарихы мұражайының профессоры, Phd докторы Чернил Матьяж дәріс оқып, кеңестер берді.

Павлодар мемлекеттік университетінің Химиялық технологиялар мен жаратылыстану факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор Қанат Ахметов аталмыш курстардың тәжірибелік бағытын бағамдап, дәрістің зерттеу және қолданбалы жұмыстарға тигізер үлесінің зор екенін атап кетті.

Студенттер Словениядан келген профессор Чернил Матьяждың жетекшілігімен Батыс Алтайға (Зайсан қазан шұңқырында), Тарбағатай тауларына экспедицияға аттануға бел буып отыр. Экспедицияның мақсаты – фауна мысалында қабыршақ қанаттылардың биологиялық объект ретінде базасын құру үшін ақпаратты жинау және өңдеу. Сонымен қатар, аталған жұмыстар Жоңғар Алатау (Жоңғар қақпасы) маңында да жалғасын табатын болады. Зерттеу жұмыстары Орталық Қазақстан аймағында аяқталады.