2013 жылдың 25 мамырында экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Финн Кидландпен (АҚШ) кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты ретінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің магистранттарына, докторанттары мен оқытушыларына дәріс оқу болды.

Әлемдік Нобель сыйлығының лауреатынан Павлодар аймағының ЖОО-на келген екінші адам болып табылады. 2012 жылдың мамырында С.Торайғыров атындағы ПМУ-да еуроаймақты құрастырушы Роберт Манделл дәрістер оқыған еді.

Ф. Кидланд – валюталық және фискалдық саясат, еңбек экономикасы мәселелерін зерттейтін көрнекті ғалым. 2004 жылы ол "Макроэкономикадаға үдемелі үлесі үшін, дәлірек айтқанда, іскер топтамалармен басқарылатын экономикалық саясат және күштердің уақытты факторы үшін» деген Нобель сыйлығының лауреаты мәртебелі атағына ие болды. Профессор Финн Кидланд тарихта осы жоғары сыйлықты алған үшінші норвегиялық болды.

Ол Нобель сыйлығын экономикалық ауытқулардың заманауи теориясына бастама салған Эдвард Прескотпен бірлескен еңбегі үшін алды.

Өзінің университеттегі сапары аясында Финн Кидланд ЖОО-ның лабораториялық-техникалық базасымен,ғылыми-практикалық орталықтарымен, мұражай кешенімен және кітапханасының аумақты қорымен танысты. Сонымен қатар Финн Кидланд С.Торайгыров атындағы ПМУ-дың Ғылыми кеңес залында № 3, 41, 25 мектептерінің оқушыларына кездесу өткізді.

Серік Мәуленұлының айтуы бойынша, Нобель лауреатының сапары - бұл Қазақстанның университеттерінің белсенді түрде инновациялық рельстерге бағдар алғанының мен дүниежүзілік білім аясында ойдағыдай интеграцияланатынының кепілі.

ПМУ-да Нобель лауреатына «ПМУ құрметті профессоры» атағы беріліп, ескерткіш кәдесыйлар мен университет туралы кітаптар сыйға тартылды. Сонымен қатар жоғары оқу орнында Финн Киндланд атындағы оқу аудиториясы ашылды. Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты аудиторияның салтанатты ашылуында болды.