2013 жылдың 11 мамырында Павлодар облысы Ертіс ауданы Ертіс ауылының № 3 ЖББМ негізінде Ертіс ауданындағы мектеп оқушыларының болашақ түлектеріне арналған С.Торайғыров атандығы Павлодар мемлекеттік университетінің дәстүрлі «Ашық есіктер күні» салтанатты түрде өткізілді.

Іс-шараны ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Оқу жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.д., профессор Нелли Пфейфер, ПМУ әкімшілігі және профессорлық-оқушылар құрамының атынан Павлодар өңірінің ең ірі ЖОО-ның бірі – Павлодар мемлекеттік университеті туралы баяндамасын ұсынды.

Сонымен қатар, Ертіс ауданына келген әкімшілік құрамында ПМУ факультеттерінің декандары және факультет өкілдері болды. Атап айтсақ, Металлургия машинажасау және көлік факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Төлеуғазы Тоқтағанов, Сәулет-құрылыс факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Марат Кудерин, Энергетика факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Александр Кислов, Қаржы-экономика факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Тахир Эрназаров, Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор Қанат Ахметов, Тарих және құқық факультетінің деканы, с.ғ.д., профессор Арман Әкішев, Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті, ф.-м.ғ.к., доцент Нұрлыбек Испулов, «Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Айжан Кудерина, Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің декан орынбасары, п.ғ.к., Қуаныш Теміров, Агротехнология кафедрасының меңгерушісі, а.ғ.д., доцент Гүлнәр Қабжанова.

Іс-шара барысында ПМУ-дың ғылыми-зерттеу, мәдени және қоғамдық өмірі ерекшеліктерімен Ертіс ауданының биылғы жылғы түлектеріне Тарих және құқық факультетінің деканы Арман Әкішев, «Foundation» факультетінің деканы Айжан Кудерина, Ертіс ауданының ЖББМ түлектері – Тарих және құқық факультетінің декан орынбасары Әмірғалы Бегімтаев, Чехияға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша барып келген ПМУ «Стандартттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша білім алып жүрген 3 курс студенті Әлия Қалиева таныстырды.

Мектеп оқушыларын университеттің Студенттік филармониясының дарынды орындаушылары Рысбек Маусымбаев пен «Double-A» вокалдық тобы (Аяз Қасенов, Тұңғат Қастаев) өз өнерімен көзайым болды.

Іс-шараға қатысқан Ертіс ауданының аудандық білім беру бөлімінің бастығы Жұлдыз Иманжапарова С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті әкімшілігіне аудан басшылығы атынан зор алғысын білдірді.