С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті жанындағы Мұнайшы-инженерлер қоғамы (KNTUSPE Student Chapter, Алматы қ.) ұйымдастырған «OFFSHORE. DIVE INTO THE FUTURE» атты X мерейтойлық Халықаралық жастар мұнай-газ форумына қатысты.

Аталмыш Форум аясында 16 командалар арасында «Oil Games» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.

Ойынға қатысқандар И. Губкин атындағы Мұнай және газ Ресей мемлекеттік университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (2 команда), М. Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстандық-Британдық техникалық университеті, Томск мемлекеттік политехникалық университеті, Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университеті, «Горный» Ұлттық минералды-шикізат университеті (Санкт-Петербург қ.), Уфа мемлекеттік мұнай университеті, Атырау мұнай және газ институты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Альметьев мемлекеттік мұнай институты, Ухта мемлекеттік техникалық университетінің командалары болатын.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың командасын құрған «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер, атап айтсақ, Динара Байымбетова (НГД-402 тобы), Ризагүл Ильчубаева (НГД-302 тобы), Якобс Сергеевс (НГД-304 тобы), Қабидолла Файзуллин (МГI-301 тобы).

Команда жетекшісі – х.ғ.к., С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасының доценті Ғайни Сейтенова.

Ойын 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылардың білімдерін мұнай-газ ісінің жалпы сұрақтары бойынша тексеріп, екінші кезеңде – арнайы мамандықтары бойынша сыналып, үшінші кезеңде – арнайы мамандықтары бойынша мәліметтердің ағылшын тілінде ақпараттандыруы талап етілді.

Ойынның жалпы есебі бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің командасы жүлделі екінші орынға ие болды.