С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «География және туризм» кафедрасының Г-402 тобының 4 курс студенті Айгүл Ракишева С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен «Ғылым мен бизнестің кооперациясы: мәселелері мен келешегі» атты жас ғалымдар мен студенттерге арналған ІІІ Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, жеңімпаз атанды.

Конференция жұмысына Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Астана қалаларының студент ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Конференция жұмысы алты бағыт бойынша өрбіді. Айгүл Ракишева экология және жаратылыстану саласында зерттеу жасап, «Қазақстан энергетикасы келешегінің даму баламасы, аймақтық ұйымдастыру және саланың шарты» атты жобамен жеңіс тұғырына көтерілді.

А.К.Ракишева қанжығасына 1 орынды байлап, І дәрежелі дипломмен, конференция жұмысына белсенді қатысқаны үшін сертификатпен, сонымен бірге құнды сыйлықпен марапатталды.

Республикалық конференция - біліміңді саралап, шығармашылық қабілетіңді сынға салатын бәйге алаңы. Мұндай білім додалары болашақ мамандардың кәсіптік деңгейін, білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. Осылайша, дарынды студенттер аламан жарыстардан іріктелеп шығады. Ойы жүйрік, дарынды студенттер халықаралық олимпиадалар мен байқауларда бақтарын сынап, біліктіліктері мен білім деңгейлерін өсіреді.