С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «050905-Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша өткен IV Республикалық студенттік олимпиадада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 9 командалардың ішінде 2 орынға ие болды.

IV Республикалық студенттік олимпиада 2013 жылдың 18 – 19 сәуір аралығында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (Қарағанды қ.) өтті.

Республикадан 2 орын алған команда құрамына С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Психология және педагогика кафедрасының белсенді студенттері Асхат Абдрахманов, Лейла Гусейнова (СР-302 тобы), Ильдар Есманов (СР-402 тобы) кірді.

ПМУ-дың студенттерін дайындаған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы - Светлана Черва.

IV Республикалық студенттік олимпиада барысында командалар өздерін таныстырып, пәнінің білімін тексеретін тестілеуге, «Мамандық әнұраны» және бейнероликтер байқауларына қатысқан. Бейнероликтер және мамандық әнұранын студенттер алдын-ала дайындаған.

Ғылыми жобаны қорғау олимпиаданың соңғы кезеңі болды. С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың студенттері «Мейірім» әлеуметтік клиникасы» атты жобаны ұсынып, лайықты дәрежеде қорғап шықты.

Команда жетекшісі Светлана Черваның айтуы бойынша, IV Республикалық студенттік олимпиадаға қатысқан студенттердің әлеуметтік жұмыстары олардың негізгі білімін жетілдіруіне септігін тигізеді.