2013 жылдың 17 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Жоғары білім беру жүйесінде ақпараттық білім беру технологиялар қолдануы» атты онлайн бейнеконференциясы өтті.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың конференциясына Алтай мемлекеттік университетінің (Барнаул қ.) оқытушылары, магистранттары, студенттері қатысты. Атап айтсақ, Психология және педагогика факультетінің Ақпараттық білім беру технологиялар және жоғары мектептің педагогикасы кафедрасының доценттері, п.ғ.к. Надежда Волженина және п.ғ.к. Галина Кравченко, сонымен қатар, География факультетінің Туризм кафедрасының доценті, г.ғ.к. Марина Войтенко Алтай мемлекеттік университетінің атынан қатысты.

Ақпараттық білім беру технологиялардың қолданылуы білім беру саласының сапасын және қол жетімділігін арттырып, бірыңғай ақпараттық ортаны әзірлеуге жағдай жасайды әрі шығармашылық, ақпараттық және ғылыми-педагогикалық әлеуетін көтереді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Гүлмаржан Қасенова конференция барысында арнайы дайындаған слайдтарды ұсынды. ТУР-302 топ студенттерінің қатысуымен «Сырттай саяхат. Әлемдегі көз тартарлық жерлер» атты сабақты ойын технологияларын пайдалануымен өткізді.

Алтай мемлекеттік университетінің магистранттары Виталий Шелбагашев, Максим Плешков, Михаил Лысов «Қытай тіл меңгеру ісінде ақпараттық-компьютерлік технологиялар арқылы оқу-танымдық қызметін белсендіру» және «Шетел тілдерін меңгеру үрдісінде қазіргі гипермедиатехнологияларды қолдану» атты тақырыптар бойынша танымдық ақпараттық сабақтарды С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың оқытушылары, магистранттары және студенттерінің назарына ұсынды.