2013 жылдың 14 наурызында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Павлодар» арнаулы экономикалық аймағының жоғары технологиялық өндірістермен қамтамасыз ету мақсатында инновациялық жобалардың ғылыми қолдауы және өрлеуі» атты тақырыбында Ғылыми-техникалық Кеңесінің отырысы өтті.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің инновациялық және жаңа технологиялар жөніндегі проректоры, б.ғ.д. Нұрлан Ержанов, Ғылыми-техникалық Кеңес отырысына жоғары білімді мамандар ретінде арнайы шақырылған «Павлодар» арнаулы экономикалық аймағындағы инновациялық жобалардың департамент директоры Биеке Болатов және «Павлодар» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Борис Шаров қатысты.

Кеңес барысында ПМУ ғалымдары Энергетика факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Александр Кислов, Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Төлеуғазы Тоқтағанов, х.ғ.к, химия және химиялық технология кафедрасының доценті Римма Несмеянова ғылыми жобалары мен зерттемелерін жиналған қауымның назарына ұсынды.