2013 жылдың 27 ақпанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің концерттік залында ПМУ-дың студенттік филармониясының дарынды орындаушылары қатысуымен концерт өтті.

Аталмыш іс-шараға аса қадірлі қонақ ретінде атақты ресейлік мәдениет қайраткері, музыкатанушы дәріскер Раиса Слонимская қатысты.

Раиса Николаевна ПМУ-дың студенттерінің орындаушылық шеберлігін бағалап шықты. ПМУ-дың орындаушыларына қолдау жасап, джаз музыкасының асқан шебері Виктор Шейкин бастаған ұжымы концертке қатысып, кештің сәнін келтірді.

Кештің соңында Раиса Слонимская ПМУ-дың басшылығына алғысын білдіріп, университет орындаушыларының музыкалық қабілеттілігін жоғары бағалап, орындаушылар арқылы барлық қазақстандық әншілердің шеберлігін көргендей әсер алғанын айтты. Және де Раиса Николаевна музыканы аударманы қажет етпейтін мәдени тіл деп мәлімдеді.