2013 жылдың 30 қаңтарында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кітапханасында дағыстанның ақиық ақыны, прозаик, публицист Фазу Алиеваның өмірі мен шығармашылығына арналған «Тау мемлекетінің бойтұмары» атты поэзиялық кеш өтті.

Біздің мемлекеттің негізгі құндылығы − Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім. Ары қарай: «Мемлекеттік тілмен қатар Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз» деген сөздер айтылған.

«Тау мемлекетінің бойтұмары» атты поэзиялық кеште С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың студенттері мен лицей оқушылары дағыстандық ақынның сыршыл поэзиясын тыңдады. Бүгінгі таңда дағыстан поэзиясынын Фазу Алиева есімінсіз елестету мүмкін емес. Ақын шығармашылығы дағыстандықтарға ғана емес, сонымен қоса әлемдегі көптеген тыңдармандарға шабыт береді.

Көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, публицист, беделді тұлға, туған елінің нағыз патриоты Фазу Алиеваның өлеңдер және проза жинақтары авар және орыс тілінде шықты. Сонымен қатар, ақынның шығармалары әлемнің 70 тілдеріне аударылған. Фазу Алиевадан барлығын қашан жазып үлгересіз дегенде, ол жай ғана осылай жауап берген екен: «Өзіңді, өмірді және Отаныңды сүю керек.Осы менің бар құпиям».

«Тау мемлекетінің бойтұмары» атты поэзиялық кеш жаңа қазақстандық патриотизм идеясына сәйкес «Әлем кітапханасы» атты іс-шаралар циклының аясында өтті.