2011-жылдың 2-наурызында С.Торайғыров атындығы Павлодар мемлекеттік университетіне Канаданың Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Төтенше және өкілетті елшісі жоғары мәртебелі Стефен Миллар мырза ресми сапармен келді.

Стефен Миллар мырзаның келу мақсаты - С.Торайғыров атындығы Павлодар мемлекеттік университетімен танысу және «Канададағы көпмәдениеттілік» атты тақырыпқа дәріс оқу. Дәріс Канада мемлекетін мекендейтін әртүрлі халықтардың мәдениетіндегі айырмашылықтарды түсінуге негізделген Канаданың көпмәдениеттілік саясатына арналған. Канадағы көпмәдениеттілік еуропалық мемлекеттерден шыққан иммигранттар мәдениеттерінің элементерін өз мәдени өрiсiне қамтуды білдіреді. Сонымен қатар дәрісте парламентаризм тарихы және демократиялық ұстанымдарды дамыту мәселелері талқыланған. 

Стефан Миллар мырзаның дәрісіне шетел филологиясы, аударма теориясы және практикасы, тарих, археология және этнология, социология және саясаттану кафедраларының студенттері мен оқытушылары қатысқан.

Жоғары мәртебелі Стефан Миллар мырза Канаданың экономикасы, білім беру жүйесі және Қазақстан мен Канада арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту жайлы студенттер мен оқытушылардың қойған сауалдарына жауап берді. 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің мұражай кешені мен академик С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана бойынша экскурсия жүргізілген.