Колледждің акт залында 9.02.10 жылы Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кеш өтті. Кештің дайындығына және өтілуіне БЕА-25 тобының оқушылары (сын. жетекшісі Оразбаева Б. Қ.), колледж кітапханасы, оқытушы және суретші Ықласова Майса Қамысбайқызы қатысты.

Ықласова М.Қ. Мақатаев шығармалары бойынша графикалық жұмыстарын ұсынды. Суретші М. Мақатаевтың ақындық шеберлігін бейнелеу өнерінің көмегімен көрсетті. Бұл кеште ақынның өлеңдеріне жазылған музыкалық әндер, ақынның шығармашылығы бойынша кітап көрмесі, сонымен бірге суретшінің жұмыс слайдтары көрсетілді.

Кітап көрмесіне ақын шығармаларының жинағы және ақын туралы әдебиеттер колледж кітапханасынан, С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасының қорынан алынды.

БЕА-25 тобының оқушылары ақын өлеңдерін шын жүректен толғанып оқыды. Оқушылар поэзия - адамды  қоршаған табиғатты, табиғат сұлулығын және адамгершілік қатынастарды түсінуге, рухани бай болуға үйрететіндігіне көз жеткізді.